Алтын к?з сценарий балаба?шада ересектер тобы


алтын к?з сценарий балаба?шада ересектер тобы                    Шашубай кентіндегі «Мектеп – балабақша кешені»

базасындағы Тірек мектебі(ресурстық орталық)»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі

«Балдырған» балабақшасының

 екінші санатты тәрбиешісі

Тубитаева Лязат Мырзакасымовна

 Зал іші мерекеге сай безендірілген.

  Жүргізуші:

Қарсы алайық бәріміз,

Жасымызбен кәріміз.

Қырдан кепті қыдырып,

Алтын күз бізге нұр төгіп.

Тілегім аман болсын ел іргесі,

Алтын күз қайта келді берекесі.

Молшылықтың жаршысы бола білді,

Алтын күз-ырыс, береке, бірлік ала келді.

Жүргізуші: Армысыздар ағайын! Сәлеметсіздер ме, қадірлі қонақтар! Бүгін біз жыл мезгіліндегі ең тамаша-«Алтын күз, әсем айналам, Еліне береке сыйлаған» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!

Күн суытып келеді,

Жапырақтар түседі,

Астық жеміс жиылды,

Қамбамызға құйылды.

Ардақты күз мың алғыс,

Алдық өнім сыйыңды.

Ән «Жомарт күз»

Жүргізуші:

Бұлттар төгіп жерге шөгіп,

Дымқыл тұман басады.

Шөп сарғайып, өңі тайып,

Дала сұры қашады.

Бой жаза алмай, ойнай алмай,

Денең мұздап тоңады.

Бөбектерім айтыңдаршы,

Бұл қай кезде болады?(Күз).

-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

Күз мезгілі.

-Күз мезгілінің қай айы.

Қазан айы.

Дұрыс айтасыңдар балалар. –Мінекей күз де келіп жетті.

-Күзде қандай өзгерістер, құбылыстар болады.

-Жаңбыр жиі жауады.

-Күн суыта бастайды, адамдар жылы киінеді.

-Құстар жылы жаққа ұшып кетеді.

«Көк майсалы көрікті, алқаптағы көп егін,

Бұл күндері киіпті, сары жібек көйлегін»- Бұл не, балалар? (Күз)

Осы кезде Күз ханшайымы себетке салған жемістерімен,билеп кіреді.

Күз ханшайымы:

Сәлем менің достарым,

Өмірге көп қосқаным.

Күз сыйлығын алыңдар,

Сыйлығына қаныңдар.

Молшылыққа кенеліп,

Шаттық әнге салыңдар.

Күз ханшайымы: -Балалар, мен сендерге жұмбақ жасырайын сендер шешуін табыңдар.

Өрік, алша,

Шие алма.

Жидек, жүзім піседі.

Қауын, қарбыз,

Қияр, сәбіз,

Дүкендерге түседі.

Бұл қай кезде болады?(күз мезгілінде)

-Жарайсыңдар балалар!

«Күз ханшайымы» біздің балалардың сізге арнаған өлең, тақпақтары,шағын көріністері бар екен. Бізбен бірге тамашалайсыз ба?

Кішкентай бүлдіршіндеріміздің сізге арнаған тақпақтарын тыңдайық.

Арыстан.

Ой  балалар,  балалар,

Қоңырқай күз болыпты.

Қурап жапырақ солыпты,

Ел егінін орыпты.

Ой балалар, балалар,

Ойнайықта күлейік.

Тайр

Берекесін сыйлауға,

Өлкемізге күз келді.

Жемістерін жинауға,

Шақырады біздерді.

Евфимий

Листопад, листопад,

Осыпается наш сад.

Листья желтые летят,

Под ногами шелестят.

Бауыржан

Жайдарлы күз, жарқын күз,

Аяулы күз, алтын күз.

Дәнге толды ең далам,

Дариядай шалқып жүр.

Мейірлі күз, мырза күз,

Сыйлығыңа ризамыз.

Аппақ қардай таңыңда,

Шомыламыз нұрға біз.

Жүргізуші:

Алып келді мереке,

Астық жеміс береке,

Батырлыққа жараса,

Көбейді той тамаша!

Ән салады өзен, тал құрақ,

Шашу болды жапырақ.

Би: « Жапырақтар» «Жапырақтарды кім тез жинайды».

 

Нұрәлі

Сыңғырлайды қоңыраулар,

Қыркүйектің айында.

Жас ұландар бара жатыр,

Өнер білім бағында.

Дарина

Қазан айы басталды,

Құстар қайта бастады.

Туыстық адал достықпен,

Бейбіт өмір жалғасты.

Алиман

Күздің қараша айында,

Жиын-терін бітеді.

Жапырақтар сарғайған,

Сыбдыр-сыбдыр түседі.

Юлия

Кружит, кружит в воздухе,

Пестрый хоровод.

Красные, желтые,

Ветер листья рвет.

Жүргізуші:

Ән салыңдар күліңдер,

Жайнап гүлдей жүріңдер.

Күздің тойын тойлайық,

Би ересектер билейік, ойнайық.

Би:»Көбелектер»

Мирали 

Алтын,сары, қызыл, көк,

Алуан, алуан жапырақ.

Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартады атырап.

Ой,алақай тамаша,

Шашу шашты жапырақ.

Інжу

Алтын,алтын, сары алтын,

Алтын күзде нұр жатыр.

Өрік, шие, балы бар,

Қауын, қарбыз, көбейді,

Жегің келсе бәрін ал.

Ярослав

Осень наступила,

Высохли цветы.

И глядят уныло,

Голые кусты.

Туча небо кроет,

Солнце не блестит.

Ветер в поле воет,

Дождик моросит.

Ростислав

Гонит осень в небо тучки,

Пляшут листья во дворе.

Гриб, надетый на комочки,

Тащит еж к своей норе.

Таңжарық

Нан атасы-бидаймын,

Елге астық сыйлаймын.

Жүргізуші:

«Күз ханшайымы» балалардың  сізге арнаған кішкене көрінісі бар екен.

Көрініс: «Саңырауқүлақ саясында».

-Қане, бәріміз бірге тамашалайық.

Құрбақа-Арыстан

Құмырсқа-Нұрәлі

Көбелек-Аружан, Дарина

Тышқан-Евфимий

Қарға-Макар

Қоян-Бауыржан

Түлкі-Ерасыл

Әсел

Ел егінді жинайды,

Қырманға дән сыймайды.

Біздің дала бай дала,

Алтын астық айнала.

Аружан

Астық дала сәулеті,

Астық Отан дәулеті.

Біздің дала бай дала,

Алтын астық айнала.

Ерасыл

Берекесін сыйлауға,

Өлкемізге күз келді.

Жемістерін жинауға,

Шақырады біздерді.

«Күз ханшайымы» сіздің әкелген жемістеріңізбен балалар ойын ойнағысы келіп отыр.

Күз ханшайымы:-Бәрекелді, керемет!

Ойын: «Жемістерді пішініне қарай ата».

Шарты: Ортаға бір баланы шығарып, көзін таңамыз. Алдына жемістерді қоямыз. Жемістерді сипап көріп, пішініне қарай ажыратады.

Жүргізуші: Күз ханшайымы, біздің балалар жемістерді сипап көріп, пішініне қарай ажырата алатынын білесізбе?

Күз ханшайымы: Білмейді екем…

Ділназ

Іші толған шәрбат,

Дәмі қандай әйбат.

Үзең бірдей жүзі,

Оның аты жүзім.

Сырты қандай қатты,

Дәні сондай тәтті

Шағып қарап таңдап,

Оның аты жаңғақ.

Жүргізуші:

Ақтарады мырза күз,

Уылжыған жемісті.

Күзге бізде ризамыз,

Аянбаған ел үшін.

Көбейді құт береке,

Астық толы қамбамыз.

Құтты болсын мереке,

Алтын күзді тойлаймыз.

Өлең: «Урожай собирай»

Макар

Осень добрая пришла,

Нам подарки принесла.

Яблоки душистые,

Персики пушистые,

Груши золотистые

Осень принесла.

 

Елнұр

Көкөністі көп ектік,

Өссін, піссін деп ектік.

Көктемде еккен көкөніс,

Күзде берді көп жеміс.

Арайлым

Күзде жиып беретін,

Біздің дала- бай дала.

Ел егінді жинайды,

Қырманға дән сыймайды.

«Күз ханшайымы».

-Балалар өнерлерің көп екен. Сендерге риза болып тұрмын. Ал, сау болып тұрыңдар. Әкелген жемістерін балаларға таратады.

Жүргізуші:

 Рақмет саған « Күз ханшайымы».Жыл сайын молшылыққа кенеліп,құт береке болсын. Сау болып тұрыңыз.

Жүргізуші:

-Құрметті ата-аналар, қонақтар,  бүгінгі «Алтын күз, әсем айналам, Еліне береке сыйлаған» атты ертеңгілігімізді аяқтай отырып,күз берекелі, астықты болсын демекпіз.

«Берекелі бақ дәулет,

Арта түссін тойланып.

Сау болыңдар қонақтар,

Келгенше жыл айналып».

 


Источник: http://oqu-zaman.kz/?p=17725



Рекомендуем посмотреть ещё:


Закрыть ... [X]

«Алтын кз, сем айналам, Еліне береке сыйлаан» «Кншуа тобы» 3-4 жас Поблагодарить друзей за поздравление статус


Алтын к?з сценарий балаба?шада ересектер тобы Алтын к?з сценарий балаба? шада ерте? гілік ересектер тобы
Алтын к?з сценарий балаба?шада ересектер тобы Quot;Алтын кз" сценарий » азастан стаздарына арналан
Алтын к?з сценарий балаба?шада ересектер тобы Азаша сценарий : Балабаша Алтын кз » ZHARAR 2017 алтын кз
Алтын к?з сценарий балаба?шада ересектер тобы Алтын кз сценарий балабашада ересек тобы - БОТАН
Алтын к?з сценарий балаба?шада ересектер тобы Алтын кз сценарий балабашада
Алтын к?з сценарий балаба?шада ересектер тобы Алтын кз ертегілік сценарий
Алтын к?з сценарий балаба?шада ересектер тобы Алтын кз (сценарий )
Алтын к?з сценарий балаба?шада ересектер тобы 10 лет совместной жизни. Розовый юбилей
Cached Бурятия Википедия День рождения Алексей Брянцев. Слушать онлайн на Яндекс Картинки Аленушка С Днем Рождения Тина Кароль стала Аленушкой. ФОТО Методическая копилка в детском саду ДОУ; Старший воспитатель Мне хочется быть рядом с тобой (Людмила Омарова) / Проза. ру Отдам даром (читайте правила!) s Journal Поздравление парню


Похожие новости